Письмо солдата
Сәлем хат!
Құрметті әкешім және аяулы анашым қалдарыңыз қалай? Сіздерді қатты сағындым. Әскерге келген соң сіздердің қадірлеріңізді түсіндім. Алыста жүрсемде ойымда тек сіздер. Әкешім сіздің тәрбиеңіз бен ақылыңыздың көмегі көп тиіп жатыр. Анашым сізге әрине қиын, 1 жыл балаңызды уайымдап күту оңай емес. Бірақ әскерге барып қызмет ету менің Отан алдындағы борышым. Қанша бұзықтық жасасамда менен теріс айналмай әрқашан қолдау көрсеттіңіздер. Осы үшін сіздерге үлкен алғысым шексіз.
Өзіме келетін болсақ менде бәрі жақсы. Әскери қызметтің қыр-сырын меңгеріп қатал тәртіпке де үйреніп қалдым. Отан алдындағы борышымды адал атқарып, сіздермен аман-есен қауышамыз деген сенімдемін. Әскери өмірде қызықты сәттер болатынына күмәнім жоқ. Ауылдағы достарыма сәлем жолдай салыңыздар. Отан алдындағы борышы